Қош келдің Нұр аға!
Моңғолия президенті Н.Энхбаярдың шақырумен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Улан-Баторға 2 күндік сапармен келді.
Қош келдің Нұр аға!
Бұл Нұрекеңнің Моңғолияға 3 немесе 4-інші сапары. Дәл қанша рет келіп-кеткені есімде жоқ.
Нұрекең 90-ыншы жылдары келген кезден бір әңгіме айтып берейін.
90-шы жылдары Моңғолияға келіп Қазақтарды көшіріп алатын болып, сол кездегі Моңғолия президентімен сөйлесіп жатқан кезі еді.
Моңғол президенті: Ағайындар Қазақтар көшейін деп жатыр, менің елім аз бір-бір қыздарын келін болғызып алып қалыңдар деп Моңғол ағайындарға ТВ-ден әзілдеген еді.
Сол кезде, Нұрекең былай дегені есімде қалыпты: Енді менің де елім аз, Сіздер көшіп келген де осы елдің (Моңғолдардың) бір-бір қызын келін қылып алып келіңіздер деген еді. Осы сөздер есімде қалыпты. Жаңылмасам бұл Нұрекеңнің Моңғол еліне жасаған алғашқы сапары кезінде болар.
Осы жолы да Нұрекеңнен Моңғолия Қазақтарына әкеле жатқан жағымды жаңалықтарды көптеп күтеміз.
Бұл арада Нұрекеңді тосып алып, жақсылап күтуге Бақытнұрды жібердім ![]()
3 comments Тамыз 6, 2008
Қазақстандықтар 24-інші орында.

Қазақстандықтар 24-інші орында.
Шілденің 10 ~ 22 арасында Испанияның Мадрид қаласында 49-ыншы халықаралық математика олимпиядacы өтті. (IMO)
Қазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды.
Алтын: Игор Клочков
Күміс: Нұрсұлтан Қажымұратов, Еркін Түсіпбеков
Қола: Санжар Оразбаев, Асет Далиев, Ескендір Қасенов.
100 елдің математиктері қатысқан бұл жолғы жарыстан қазақстандық математиктер 24-інші орынды алды. Өткен жылғы 28 інші орынан біраз ілгерiлеу бар. Осы жылғы олимпиядадан ҚХР, Ресей, АҚШ-тар басқы 3 орынды, ал Оңтүстік Корея 4-інші орынды бөліскен екен.
Бұл арада Моңғолия 29-ыншы орында тұр. Негізі 25 ~ 34 арасы Моңғолия математиктерінiң орны
Экономикасы төмен Моңғолия үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.
Соңғы орындарды Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі сияқты елдердің математиктері иеленіпті. Арабтар біраз есеп сабағына нашар ма деп қалдым : )
Бұл арада Қазақстанның ХМО жетістіктері төмендегідей:
2008 жылы 25 інші орын
2007 жылы 28 інші орын
2006 жылы 30 ыншы орын
2005 жылы 26 ыншы орын
2004 жылы 21 інші орын
2003 жылы 12 інші орын
2002 жылы 16 ыншы орын
2001 жылы 6 ыншы орын
2000 жылы 24 інші орын
1999 жылы 35 інші орын
1998 жылы 35 інші орын
1997 жылы 46 ыншы орын
1996 жылы 64 інші орын
1995 жылы 57 інші орын
1994 жылы —————
1993 жылы 25 інші орын
2010 жылы ХМО Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр.
4 comments Шілде 25, 2008
Кім кінәлі ?
Өткен жеті әлемнің назары Моңғолияға ауғанын барлықтарыңыз естіген боларсыздар.
Моңғолия саясаты туралы:
Пәленің басы Моңғолияның парламент сайлауы қортындысынан басталды. Моңғолия негізінен парламенттік жүйеге бағынады. Моңғолия парламентіне 76 мүше 4 жыл сайын халық тарапынан сайланады. 76 мүшенің атқаратын рөлі үлкен. Олар негізінен заң шығару және қабылдаумен айланысады. Президент сайлауына қарағанда 76 мүшенің сайлауы Моңғолия саясатында үлкен рөл атқарады. Неге?
Қысқаша айтсам Моңғолия президентің екі-ақ үлкен жұмысы бар. Бірінші, Моңғолия символы болу, екінші, әскери күштің ең жоғарғы қол басшысы. Сондықтан да Моңғолияың барлық заң, оның ішінде табиғат ресурстарына байланысты заңдарды да осы 76 мүше қабылдап шығарады. Осы себептен де партиялар арасында бұл сайлау үлкен тартысқа түседі.
Моңғолия саясатында Моңғол Халық Революциялық Партиясы(МХРП), Моңғолия Демократиялық Партиясы(МДП), Республикалық Партиясы(РП), Халық мақсаты партиясы, Азаматтық Қозғалық партиясы(АҚП) деген сияқты 14 партия бар. Бұлардың ішінен МХРП 86 жыл тарихы бар және ең үлкен партия ( 150.000 дей мүшесі бар) ал МДП 18 жыл тарихы бар, екінші үлкен партия (100.000 дай мүшесі бар). Негізінде парламент сайлауы осы екі партия арасында болады.
2008 жылғы парламент сайлауы туралы:
Ал бұл жолғы сайлауда МХРН 45 мүше парламентке отыратын болса, МДП 28 мүше ал қалған 1 орынды Халық партиясының кандидаты иеленетін болды деп хабарлады. (Ең соңғы мәлімет).
Өткен жетідегі көтерілске келетін болсақ, Маусымның 30-ы күні сайлаудың қортындысына көңілдері толмаған МДП бастығы Тс.Элбэгдорж, АҚП бастығы Ж.Батзандан, АҚП орынбасары О.Магнай, РП бастығы Б.Жарғалсайхандар сол күні 22.30 сағаттан МХРП үйінің және парламент үйінің алдында бейбіт шеру ұйымдастырады. (хабарларға қарасақ 400 дей адам қатысқан көрінеді)
Ертесінде бұлар (Шілденің 01 күні) сағат 12 шамасында Моңғолия парламент үйінің алдында және орталық алаңнан басталып МХРП үйіне қарай бет алады.
Бұл шеруді бастағандардың қатарында АҚП бастығы Ж. Батзандан, орынбасары О.Магнай және РП бастығы Б. Жарғалсайхандар болған көрінеді. Кейіннен МДП-ның бастығы Тс.Элбэгдорж шерушілерге келіп сөз сөйлеген. Басталу барсы негізі осындай болған екен.
Шерушілердің мақсаты сайлау қортындысына көңілдері толмайтындықтарын мәлімдеп, МХРП бастығы, Моңғолия премьер министірі С.Баярдың халық алдына шығып, есеп беруін талап етеді. (БАҚқа қарағанда)
Осылай С.Баярды күтіп тұрған шеру 2008 жылы шілденің 01 күні 16:30 дан бастап көтеріліске ұласады.
Бұл кезде МХРП үйін сақшылар әлде қашан қорғауға алғанымен олар халыққа төтеп бере алмаған. Осылай керіс-тартыс түнгі 23:30 сағатқа дейін жалғасқан. Бұл уақыттың ішінде көтерілісшілер МХРП-ның үйін түгелдей және Мадениет сарайын өртеген.
Түнгі 22 сағат шамасында Моңғолия президентің басшылығымен, құрамында МХРП-ның бастығы, МДП бастығы бар жиналыс өткізіледі. Ең қызығы бұл жиналыста далада болып жатқан көтерілісті тоқтатайық дегеннің орнына партия бастықтары сайлаудың қортындысына дауласып ақыры келісімге келе алмай МДП-ның бастығы Тс.Элбэгдорж жиналысты тастап шығады.
Ал сағат 23:30 шамасында Президент жарлығымен Моңғолияның астанасы 4 күндік мерзімге төтенше жағдай орынатылады.
Осылайша бұл жағдай орын алды.
Төтенше жағдай орнатылған күндерден:
Тағы бір қызығы осы төрт күнде үкіметтің қарамағынан тыс барлық газет, ТВ, интернет газеттерді жауып тастады. Бір жақты хабардан басым айланып кете жаздады.
Басқа бір жаңалық сайлаудың қортындысын бұрмалаған мәліметтер бірнеше аймақтан табылды. Мүмкін бірнеше жерде қайта сайлау өткізіледі.
Ал бүгінгі жағдайға қарасақ, 6 адам (4-і оққа ұшқан) қаза тапқан, 50-дей адам жарақат алған. Алғашқы күні сақшылар 800 адамды ұстап қамауға алғаннан бүгінге дейін 200 адамды әлі болсатқан жоқ. Қамауға алған адамдардың ішінде жай жүрген адамдар, әйелдер, балалар болған. Ең жас көтерілісші 14 жаста болған. Шамамен 8000 адам қатысқан(Қызықтаушылармен бірге).
Бұл жерде тағы бір басы ашылмаған жайт та бар. Ату туралы бұйрықты кім бергені әлі белгісіз. Сақшылар болғанда қорғасын оқ керектене беген дейді. Осының салдарынан 4 адам қорғасын оққа ұшқан.
Ал ең соңғы мәліметке сүйенсек, Ж.Батзандан және О.Магнайды сақшылар қамауға алған көрінеді.
Моңғолияда болған жағдайлар туралы оқығандарымды жазып отырмын. Негізі көп ресурстардан жан-жақты хабарлардан оқып, түйгенімді жаздым. Мен бұл партиялардың ешқайсысына мүше емеспін, ешқайсысында қолдамаймын.
Менің ойым:
Моңғолия әлемдегі ең бай елдердің бірі болу керек еді, бірақ ең кедейлерінің бірі. Неге? Себебі, үкімет дұрыс саясат жүргізбейді немесе саяси жүйеміз дұрыс емес. Халық кедей, халық аш, халық ашынған. Ал сайлау 100% әділ өтті дей алмаймын, белгілі бір дәрежеде ақиқатсыздық болды. Дәлелдері де шығып жатыр.
Шеруді бастаған Батзандан, Магнай, Жарғалсайхандар көтеріліс болады деп ойлаған жоқ. (Батзандан мен Магнай жас саясаткерлер). Олар көтеріліс жаса деп халықты шақырған жоқ. Қайта Магнай кешке қарай халыққа үйлеріне қайтыңдар деп жатты. Бұл жерде шет елдік қандайда бір ұйымның әсері болды деп ойламаймын.
Ал кейбір БАҚ таратқан мәліметтерге қарасам көтерілісшілердің ішінде мас адамдар болған дейді. Бірақ бұл қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Тағы бір алып қашпа әңгімеде –бұл МХРП-ның жасаған ойыны дейді. Дәл осылай Гитлер 1937 жылы сайлаудың қортындысына қарсы шыққан адамдардың ішіне өз адамдарын қосып партия үйін өртеткен, содан оларды көтерілісші деп басып тастаған.
Содан уикипедиядан Демократия деп іздеп көріп едім. Democracy осы жер шықты. Моңғолияны қалың қызылдың ортасында жасылмен белгілеген.
Демократиялы ел дегені ғой.
Демократия дегеніміз жалпы не дегенді тағы бір түсіну керек сияқты.
Айтайын дегенім мұндай Демократияң бар болсын. Мүмкін бұдан Қазақстандық демократияның артықшылығын тағы бір байқауға болатын сияқты.
4 comments Шілде 10, 2008
‘Күндер өтті талай талай,..
Блогыма кірмегелі де талай күндер зымырап өте шығыпты. Алдымен kk.wordpress.com -ге кіріп қарасам, Руслан және 666айко999 деген блогтар қосылған екен. Жақсы жаңалық. Демек жаңа блогшыларда бар дедім.
Блогтардың біразын аралап отырдым да, қызықтырған бірнеше жазбаға тоқтала кеттім. Мені ең қызытырғаны Асхаттың блогындағы Қазақ Ертегілері туралы жазба болды. Жақсы жаңалық екен, бірақ мен үшін бәрі бір. Өйткені онлайн сатылмайды екен. Мүмкін Қазақстанға жолым түсіп барып жатсам алармын. Ол солай болды.
Ал бүгінгі басты жаңалыққа тоқтала кететін болсақ, қазір сағат 5:45 ам болды. Пусан қаласынан осы жазбаны жазып отырмын. Осы қаладағы Қазақ балалармен кездесіп бір шай ішіп кетпекші ойым бар.
9 comments Маусым 13, 2008
Web 2.0 Expo
Жақында Web 2.0 Expo көрмесі San Francisco штатында болып өтті. Егер Веб 2.0 -ға қызығатын болсаңыз осы жерде оқуға тұрарлық құжаттар бар екен.
Add comment Сәуір 29, 2008
Қазақша спәм
Бүгін блогыма төмендегі пікір жазылғанын көрдім. Алайда жарнама екенін соңынан түсіндім. Бәлкім Қазақша СПӘМ нің басы осы болар ? :) Осы жерде.
<<Барлық сауда орындарына!!! Кәсібімді өркендетемін деген кәсіпкерлерге!!!
Егер өз бизнесіңіздің жедел жамуын қаласаңыз, пайда көзі молайсын десеңіз – Қазақстанның өнімі - әмбебап «Таулинк» пос-терминалын орнатыңыз. Дүнижүзінің барлық банктерінің коды орналастырылған «Таулинк» пос терминалы күнделікті сауданың жаңа технологиялық жолмен жасалуын қадағалаумен қоса, дәл сіздің сауда орныңыздан барлық мобильдік төлемдер, қоммуналдық төлемдерін жүргізеді және СІЗ осы төлемнен пайыздық табыс түсімін көре АЛАСЫЗ.
-қосымша тағы 5 сайт ашуға мүмкіндік бар
Mira75@ok.kz электронды почтасына хат жолдаңыз.
87776260989
87102773098 Мира. Барлық уахытта хабарласуыңызға болады.>>
Add comment Сәуір 22, 2008
Блогым жақын уақытта жаңаланбайды.
Біраз уақыттан бері блогымды жаңарта алмай жүргенімді байқаған боларсыңдар.
Жұмысымның күрт ауырлауына байланысты блогыммен және сендермен біраз уақытқа қоштасуға тура келді.
Виртуал әлемде қайта көріскенше сау болыңдар!
Жанарбек.
1 comment Ақпан 26, 2008
Top images of 2007
Бүгін поштама осы суреттер келіп түсті. Сіздер де егер қызықсаңыздар тамашалаңыздар.
Осы жерден Микрософт пауер пойнт түрінде түсіріп алыңыздар.
4 comments Ақпан 15, 2008
